Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Басқарма төрағасы бос лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Басқарма төрағасы бос лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы

             Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесі (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорын Басқармасы төрағасының бос лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу орны: Астана қ., Нұра ауданы, Қорғалжын шоссесі, 13/2 ғимарат, 2 т.е.б. , 3-қабат, конференц зал. Анықтама телефоны: Қалмырза Б.Н. -              8 (7172) 709672. 

Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Нұра ауданы, Қорғалжын шоссесі, 13/2 ғимарат, 2 т.е.б., телефон: 8 (7172) 701703. Электрондық пошта:  info@emcrk.kz, b.kalmyrza@emcrk.kz.              

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

Қазақстан Республикасының халқына санитариялық авиация нысанында шұғыл медициналық көмек көрсету және жедел медициналық көмек пен шұғыл медициналық көмек көрсететін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Байқау кеңесінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

2) кәсіпорын атынан үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста әрекет етеді;

3) банк шоттарын ашады, барлық жұмыскерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

4) үшінші тұлғалармен қатынастарда Кәсіпорынның мүддесін білдіру құқығына сенімхаттар береді;

5) Мемлекеттік мүлік туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын жұмыскерлерін қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

6) Басқарма мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер саласын және жауапкершілікті бөледі;

7) жеке  жауаптылықта болады:

-  қаржы-шаруашылық қызметіне және Кәсіпорын мүлкінің сақталуы;

- Кәсіпорынның даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігіне және тиімділігіне;

- таза кірістің белгіленген бөлігін уақтылы бюджетке аудармағаны үшін.

Конкурсқа қатысушылар келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:

        «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік (немесе сертификат) және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік;

      немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе executive МВA немесе full-time  дәрежесі;

       немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

       денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

      басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

       Байқауға қатысушылар білуі тиіс:     

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);

      қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;

      денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;

      басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;

      медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;

      денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер;

      халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;

      отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;

       еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;

      төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру;

     денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)  еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және тоқтату еңбек шарты туралы  бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

7) Кәсіпорынды дамытуға арналған презентация (5 слайдтан артық емес).

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

          Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар Кәсіпорынға b.kalmyrza@emcrk.kz электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 01.07.2023ж. -15.07.2023ж.

          Конкурсқа жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК Байқау кеңесі жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Басқарма төрағасы бос лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесі (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорын Басқармасы төрағасының бос лауазымына конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу орны: Астана қ., Нұра ауданы, Қорғалжын шоссесі, 13/2 ғимарат, 2 т.е.б. , 3-қабат, конференц зал. Анықтама телефоны: Қалмырза Б.Н. - 8 (7172) 709672. Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Нұра ауданы, Қорғалжын шоссесі, 13/2 ғимарат, 2 т.е.б., телефон: 8 (7172) 701703. Электрондық пошта: info@emcrk.kz, b.kalmyrza@emcrk.kz. Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Қазақстан Республикасының халқына санитариялық авиация нысанында шұғыл медициналық көмек көрсету және жедел медициналық көмек пен шұғыл медициналық көмек көрсететін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері: 1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Байқау кеңесінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады; 2) кәсіпорын атынан үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста әрекет етеді; 3) банк шоттарын ашады, барлық жұмыскерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; 4) үшінші тұлғалармен қатынастарда Кәсіпорынның мүддесін білдіру құқығына сенімхаттар береді; 5) Мемлекеттік мүлік туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын жұмыскерлерін қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады; 6) Басқарма мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер саласын және жауапкершілікті бөледі; 7) жеке жауаптылықта болады: - қаржы-шаруашылық қызметіне және Кәсіпорын мүлкінің сақталуы; - Кәсіпорынның даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігіне және тиімділігіне; - таза кірістің белгіленген бөлігін уақтылы бюджетке аудармағаны үшін. Конкурсқа қатысушылар келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік (немесе сертификат) және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік; немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе executive МВA немесе full-time дәрежесі; немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Байқауға қатысушылар білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген); қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау; медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы; денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері; отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары; төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру; денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 3) білім туралы құжаттардың көшірмелері; 4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және тоқтату еңбек шарты туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат; 5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтама. 7) Кәсіпорынды дамытуға арналған презентация (5 слайдтан артық емес). Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар Кәсіпорынға b.kalmyrza@emcrk.kz электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Құжаттарды қабылдау мерзімі 01.07.2023ж. -15.07.2023ж. Конкурсқа жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК Байқау кеңесі жүргізеді.
Дата публикации
01 июля 2023