Республикалық мүлікті «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына беру туралы

Республикалық мүлікті «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына беру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                   119-1-бабына, «Назарбаев университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің балансынан «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының меншігіне аяқталмаған құрылысқа арналған шығындар түріндегі республикалық мүлік берілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының                                             

       Премьер-Министрі                                                     Ә. Смайылов

 

Республикалық мүлікті «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына беру туралы
Дата публикации
26 мая 2023