Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «РПДҒПО» ЖШС және «ҚДИАҒО» ЖШС жарғыларын бекітуді және оларды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) «РПДҒПО» ЖШС және «ҚДИАҒО» ЖШС мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;
4) осы тармақатан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
1) «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2011 ж., №38, 461-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 132-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
132. |
«Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 71 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 22 ақпанда электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің көрсетілген қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесiнде:
«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 14 және 17-жолдары алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин