«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулыға 5-қосымшада:
номері 3-жолды келесі мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырсын:
«
|
12) |
Жедел медициналық көмек станциясының жүргізушілері; алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшесінің (мобильді бригадалардың) жүргізушілері; медициналық авиация жүргізушілері |
|
БЛА-дан 200 % |
|
»;
5-қосымшаға ескертпе:
мына мазмұндғы 3-1) тармақпен толықтырылсын:
«Осы қосымшаның 3-тармағы 12) тармақшасында белгіленген қосымша ақы арнаулы мемлекеттік органдар жүйесінің, ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының жедел медициналық көмек жүргізушілеріне қолданылады».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов