«Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-213/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
осы бұйрыққа қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі (бұдан әрі – Еңбекке ақы төлеу жүйесі) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекке ақы төлеудің үлгілік жүйесін айқындайды.»;
3,4,5 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
« 3. Еңбекке ақы төлеу жүйесі мыналардың негізінде еңбекке ақы төлеуді қамтиды:
1) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) 1-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы;
2) Қаулымен белгіленген 17697 теңге мөлшерінде базалық лауазымдық айлықақыны қолдану;
3) Қаулының 2-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған коэффициенттер;
4) Қаулының 3-қосымшасына сәйкес БЛА-ға қолданылатын жұмысшылардың ЛА (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер;
4-1) Қаулының 4-қосымшасына сәйкес білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар;
5) Қаулының 5-қосымшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар;
5-1) Қаулының 11-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдары жүйесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар;
6) Қаулының 18-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақылар;
7) Қаулының 19-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекемелерде оқу сабақтарын өткізуге тартылатын қызметкерлердің еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу;
8) Қаулының 21-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, денсаулық сақтаудың қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлері лауазымдарының және кәсіптерінің тізбесі мен олардың психоэмоционалдық және дене жүктемесін айқындайтын өлшемшарттар;
9) осы Еңбекке ақы төлеу жүйесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кәсіпорындардың штат кестесі бойынша ақпарат;
10) белгіленген еңбекақы қоры шегінде Кәсіпорынның еңбекақы төлеу жүйесімен айқындалатын жалақыға түзету коэффициенттері;
11) осы Еңбекке ақы төлеу жүйесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кәсіпорындардың жалақысына түзету коэффициенттері бойынша ақпарат.
Жұмыскерлердің еңбек тиімділігі мен орындалатын жұмыстардың сапасын арттыруға мүдделілігін арттыруды күшейту үшін белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде Кәсіпорынның еңбекақы төлеу жүйесімен айқындалатын жалақыға арттыру коэффициенттері белгіленеді.
Жалақыға арттыру коэффициенттері Даму жоспарын нақтылау жолымен, оның ішінде Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорын қайта бекіту арқылы қаражатты үнемдеу есебінен де белгіленеді.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
Аты-жөні |