«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 49 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрлігінің жанынан Жеке кәсіпкерлік

субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу

жөніндегі комиссияны құру туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

 министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы

№ 49 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 49 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрықты қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                                    А. Ғиният

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2022 жылғы ___ _________№ __

бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2019 жылғы 8 ақпандағы № 49

бұйрығына 1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу

жөніндегі комиссияның құрамы

 

 

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы, төраға

 

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Заң департаментінің директоры, төрағаның орынбасары

 

3.      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы

 

4.      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы

 

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Корпоративтік даму департаментінің директоры.

 

6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары

 

7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары

 

 

*Ескертпе: комиссия отырыстарына Комиссия мүшелері болмаған жағдайда олардың міндетін атқарушы адамдар қатысуға құқылы

 

Дата публикации
13 февраля 2023