Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы кейбір шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта атау туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
«Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысы ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі – кәсіпорындар) болып қайта аталсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындардың жарғысына енгізілетін тиісті өзгерістерді бекітуге ұсынуды;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында кәсіпорындарды мемлекеттік қайта тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
- «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь»;
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Отан соғысы ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталь».
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
|
Ә. Смайылов
|