Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы

 

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Байқау кеңесі бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
  2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі                                                              А. Мамин

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы
Дата публикации
27 мая 2020