Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 45 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2020 жылға арналған шекті шамасын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 45 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2020 жылға арналған шекті шамасын белгілеу туралы»

қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы                    16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 45 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2020 жылға арналған шекті шамасын белгілеу туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор) қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2020 жылға арналған шекті шамасы есепті айда қордың шотына келіп түскен активтер мөлшерінің 1,67 пайызынан асырылмай бекітілсін.».

  1. Осы қаулы 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының
                  Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 45 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2020 жылға арналған шекті шамасын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
25 мая 2020