Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Бурабай» республикалық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Бурабай» республикалық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы

 

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы                      11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
    «Бурабай» республикалық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысына енгізілетін тиісті өзгерістерді бекітуге ұсынуды;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында кәсіпорынды мемлекеттік қайта тіркеуді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.  

  1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«24. «Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

  Ә. Смайылов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 октября 2022