Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ұлттық ғылыми онкология және транcплантология орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) акциялары пакетінің 100 (жүз) пайызын «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - серіктестік) жарғылық капиталына берілсін
  2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің балансынан серіктестіктің жарғылық капиталына берілсін.
  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының       

Премьер-Министрі                                                              А. Мамин

Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Дата публикации
20 мая 2020