Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы кейбір шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта атау туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы кейбір шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта атау туралы

 

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
    «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» және «Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына арналған орталық клиникалық госпиталь» және «Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына арналған республикалық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі – кәсіпорындар) болып қайта аталсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындардың жарғысына енгізілетін тиісті өзгерістерді бекітуге ұсынуды;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында кәсіпорындарды мемлекеттік қайта тіркеуді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.  

  1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 19, 23-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына арналған республикалық клиникалық госпиталь

  1. Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына арналған орталық клиникалық госпиталь».
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

  Ә. Смайылов

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 сентября 2022