1 - тарау. Жалпы ережелер
- Корпоративтік даму департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Департаменттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Вице-министрі бекітеді.
- Департамент мынадай басқармалардан тұрады:
1. Корпоративтік даму және мемлекеттік активтер басқармасы;
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасы.
2 - тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
- Міндеті: Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының корпоративтік дамуын енгізуді әдіснамалық қолдау, Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, сондай – ақ мемлекеттік қатысу үлестерін (акциялар пакетін) иелену және пайдалану құқықтары Министрлікке берілген акционерлік қоғамдарға (бұдан әрі-ведомстволық бағынысты ұйымдар) бекітілген мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруды ұйымдастыру.
Осы міндетке сәйкес Департамент заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында корпоративтік басқаруды енгізуге әдіснамалық қолдау көрсету;
- Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында корпоративтік басқаруды енгізу мониторингі;
- Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітуге қатысу;
- Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында корпоративтік басқару кодексін әзірлеуге қатысу;
- Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Директорлар кеңесі, қадағалау және қамқоршылық кеңестері отырыстарының күн тәртібіне шығарылатын мәселелерді қарау бойынша жұмысты үйлестіру;
- Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындауға сайлау және ішкі аудит қызметіне қатысу, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақылар мен шығыстарды өтеудің мөлшері мен шарттарын және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру мөлшерін, шарттарын айқындау;
- корпоративтік басқару мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық-талдау материалдарын, баяндамаларды дайындау;
- Министрліктің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының, акционерлік қоғамдарының, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жылдық қаржылық есептілігін қарауға және бекітуге қатысу;
- акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөлігін Қазақстан Республикасының Үкіметі пайыздық арақатынаста белгілеген мөлшерде дивидендтер (кіріс) төлеуге жіберу бойынша шаралар қабылдау;
- республикалық мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім беру;
- республикалық мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
- республикалық меншік объектілерін түгендеу және жекешелендіру мәселелеріне қатысу;
- Министрліктің акционерлік қоғамдарының жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрін өзгерту туралы шешім қабылдауға қатысу;
- Министрліктің акционерлік қоғамдарының жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдауға қатысу;
- Министрліктің мемлекеттік кәсіпорындары, акционерлік қоғамдары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері үшін әкімшілік шығыстардың кейбір лимиттерін (қызметтік автомобильдердің тиесілік нормалары, өкілдік шығыстар, әкімшілік аппараттарды және ерекше үй-жайларды орналастыруға арналған алаңдар, іссапар шығыстарын, арнайы көлікті өтеу) белгілеуге қатысу;
- республикалық мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті органға есептік және өзге де ақпаратты ұсынуын қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға жылдық қаржылық есептілікті бекіту, таза кірісті бөлу бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы және ведомстволық бағынысты ұйымдардың дивидендтерді уақтылы аударуы туралы ақпарат ұсынуы.
- ведомствалық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындар белгілеген және бюджеттен қаржыландырылатын көлемдердің (қызметтердің) шеңберлерінде өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын келісуге қатысу ;
- комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеуге қатысу
- корпоративтік басқару мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу;
- Министрліктің құқықтық актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Міндеті: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.
Осы міндетке сәйкес Департамент заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2) тиісті жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарланатын шығыстарды егжей-тегжейлі таратып жазыла отырып, Министрлікті қаржыландырудың ұсынылған бекітілген жеке жоспары (тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы) негізінде Министрліктің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлейді және бекітуге ұсынады;
3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілеріне қойылатын ұсынылған бекітілген техникалық ерекшеліктер мен біліктілік талаптары бойынша конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу туралы бұйрықтың жобасын қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді;
4) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ұсынылған бекітілген техникалық ерекшеліктері бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу туралы қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жобасын әзірлейді;
5) Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық (аукциондық) құжаттамасының сәйкестігін тексеру бойынша конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмысын және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды (аукциондарды) өткізу рәсімін және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасының өзге де рәсімдерін ұйымдастырады; ;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәсілдермен өткізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушілермен Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
- Департаменттің құқықтары:
1) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен Департаментке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, анықтамаларды және басқа материалдарды сұрату және алу;
2) Құжаттардың (құқықтық, ақпараттық, талдамалық сипаттағы) жобаларын дайындау үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін олардың басшыларының келісімімен тартуға құқылы;
3) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындаудың бұзылу қаупі болған жағдайларда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің келісімінсіз Министрліктің басшылығына шешімдер қабылдау үшін қызметтік пайдалану материалдарын енгізуге міндетті;
4) Жұмыс топтарын, басқа да консультативтік-кеңесші органдарды құру жөніндегі құқықтық актілерді әзірлеу;
5) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының және аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен өзара іс-қимыл жасау; ;
6) Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
7) Министрліктің құқықтық актілеріне сәйкес өзге де құқықтары бар.
- Департаменттің міндеттері:
1) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
2) Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
3) Департамент алдында қойылған міндеттерді орындау;
4) Қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға міндетті;
5) Өз құзыреті шегінде және мемлекеттік органдарда, халықаралық және қоғамдық ұйымдарда, конференцияларда, семинарларда, дөңгелек үстелдерде Министрліктің мүдделерін білдіру;
6) Министрліктің құқықтық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
3 - тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
- Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
- Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің вице-министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.
- Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
- Департамент директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
- Осы мақсатта Директор:
1) Өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Департамент директорының бір орынбасары болады.
- Департамент Директорының орынбасары:
1) Өз өкілеттіктері шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;
2) Департамент директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарына жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.