№ 110 от 21.02.2022
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің «Қоғамдық
денсаулық сақтау ұлттық орталығы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік
кәсіпорнында байқау кеңесінің
мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс
өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығымен бекітілген Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларының 3 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) мерзімді баспасөз басылымдарында байқау кеңесі мүшесінің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды (тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын), сондай-ақ бұйрық қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап екі айдан аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурстық рәсімдерді өткізсін.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2022 жылғы _____ _________
№ ____ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы
|
Батырбек Сұлтанұлы Әбділдин
Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова
Дана Қалимолақызы Көккөзова
Зина Сапуанқызы Байғаскина
|
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы, төраға
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі-Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
- Персоналды басқару департаментінің Ведомстволық бағынысты ұйымдармен кадрлық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, хатшы*
- Персоналды басқару департаментінің директоры
|
|
Асқар Қуанышұлы Ақбаев
|
- Жеке қауіпсіздік департаментінің директоры |
|
Еркінбек Рахымбайұлы Әмірғалиев
Аслан Қинаятұлы Қинаятов
|
- Заң департаментінің директоры
- Ведомстволық бағынысты ұйымдарды корпоративтік басқару және активтер департаментінің директоры |
|
Гүлнар Еділқызы Сәрсенбаева
Надежда Михайловна Петухова
|
- Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары
- «Еуразиялық медициналық қауымдастығы» ЗТБ-ның Басқарма төрағасы |
|
|
|
*Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2022 жылғы _____ __________
№ ____ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша
конкурстың шарттары, өткізу күні мен орны
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттык орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 050054, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Әуезов көшесі, 8-үй, «Азия» БО, 8 қабат.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: қоғамдық денсаулық сақтау әлеуетін нығайту, қоғамдық денсаулық сақтау негізгі жедел фунцияларын жузеге асыру және қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі қызметтерді қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл тәжірибесінің болуы;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктеріндегі мүшелігі.
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адам байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайланбайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін түрде);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат растаған көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушының өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным туралы құжаттардың көшірмелері) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Құжаттарды қабылдау басталатын күн – мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күн.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.
Конкурстың өткізілу күні – конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.
Үміткердің конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде әңгімелесу өткізіледі.