Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Алатау» балалар клиникалық санаторийі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – ҚР ДСМ «Алатау» балалар клиникалық санаторийі» ШЖҚ РМК) Байқау кеңесі ҚР ДСМ «Алатау» балалар клиникалық санаторийі» ШЖҚ РМК директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны: Алматы каласы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 470.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Алматы каласы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 470.
Кәсіпорынның негізгі қызметінен қысқаша сипаттамасы: балаларға профилактикалық медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:
«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік немесе «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық», немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша және (немесе) «Бизнес және құқық» немесе МВА executive немесе full time дәрежесі, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; тиісті мамандық бойынша жоғары санатының болуы, басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Конкурсқа қатысушылар мынаны білуі тиіс:
- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;
- қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
- денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
- басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
- медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
- денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;
- халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
- отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
- төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.
Конкурсқа бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар қатыса алмайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде резюме;
3) еркін түрде жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) енбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі не сонғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама»;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар ҚР ДСМ «Алатау» балалар клиникалық санаторийі» ШЖҚ РМК электрондық почта мекенжайына: alatau@dsalatau.kzalatau470@mail.ru құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні – 2022 жылғы 24 ақпан.
Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынулары қажет.
Құжаттардың нотариалдық куәландырылған немесе түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 470 мекенжайы бойынша ұсынылады.
Оларды бермеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Анықтама телефондары: +7 (727) 271-62-04.
Конкурсқа жіберілген кандидаттар ҚР ДСМ «Алатау» балалар клиникалық санаторийі» ШЖҚ РМК-ның Байқау кеңесінде әңгімелесуден өтеді.