Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) байқау кеңесі Кәсіпорынның Басқарма Төрағасының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, анықтама телефоны 8 (7172) 700-950, вн. 1028, 1046.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, 9 қабат, телефон: 8 (7172) 700-950, (ішкі: 1000 - қабылдау бөлмесі; 1008 - кеңсе), е-mail: office@rcrz.kz.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: денсаулық сақтау саясатын қалыптастыру және тиімді іске асыру, тұрақты зерттеулер мен әзірлемелер негізінде денсаулық сақтау жүйесін әдіснамалық қолдау, денсаулық сақтау жүйесін ілгерілету және жаңғырту жолымен денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру.
Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және байқау кеңесінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста кәсіпорын атынан әрекет етеді;
3) банк шоттарын ашады, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) кәсіпорынның үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарында оны ұсыну құқығына сенімхаттар береді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпорын қызметкерлерін қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады және т. б.;
Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:
«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық»; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша және (немесе) «Бизнес және құқық»; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; тиісті мамандық бойынша жоғары санатының болуы; басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
Конкурсқа қатысушылар мынаны білуі тиіс: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру;
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде резюме;
3) еркін түрде жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымын бекітілген 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді);
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар кәсіпорынға құжаттарын электронды түрде office@rcrz.kz электрондық почта мекен-жайына құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін ұсынады.
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні - 2022 жылғы 8 ақпан.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, тапсырылуы тиіс. Анықтама телефондары: 8 (7172) 700-950, ін. 1028, 1046.
Конкурсқа жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК-ның байқау кеңесі жүргізеді.