Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Алатау» балалар клиникалық санаторийі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) байқау кеңесі Кәсіпорынның директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны: Алматы каласы, Керей-Жәнібек хандар кешесі 470, , анықтама телефоны +7 (727) 271-61-96 (95).
Кәсіпорынның орналасқан жері: Алматы каласы, Керей-Жәнібек хандар кешесі 470.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Балаларға профилактикалық медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:
«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық»; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша және (немесе) «Бизнес және құқық»; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; тиісті мамандық бойынша жоғары санатының болуы; басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
Конкурсқа қатысушылар мынаны білуі тиіс: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру;
Конкурсқа бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылданбайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде резюме;
3) еркін түрде жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) енбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі не сонғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама»;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар кәсіпорынға құжаттарын электронды түрде электрондық почта мекенжайына ұсынады: alatau@dsalatau.kzalatau470@mail.ru, құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін.
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні - 2022 жылғы 3 ақпан.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Алматы каласы, Керей-Жәнібек хандар кешесі 470 мекен- жайы бойынша тапсырылуы тиіс. Анықтама телефондары: +7 (727) 271-61-96 (95).
Конкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Алатау» БКС ШЖҚ РМК-ның Байқау кеңесінде әңгімелесуден өтеді.