«Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
Бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 29 қазаны
№ ҚР ДСМ-170/2020 Бұйрыққа
1-қосымша
Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын медициналық көмектің көлемі;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
3) ақылы бөлімшелер (палаталар) – денсаулық сақтау ұйымдарындағы ақылы негізде медициналық қызметтер көрсетуге арналған бөлімшелер (палаталар);
4) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формуляры – Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Ақылы қызметтер көрсету тәртібі
1) денсаулық сақтау ұйымының ақылы медициналық қызметтер көрсетуге құқығын регламенттейтін құқықтық актілерге сілтемелерді;
2) медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия туралы мәліметтерді (нөмірі және берілген күні, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлерінің тізбесі, лицензиардың толық атауы);
3) құнын көрсете отырып, ақылы медициналық қызметтердің тізбесін, медициналық қызметтерді ұсыну шарттары, нысаны және оларды төлеу тәртібі туралы мәліметтерді;
4) медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тегін көрсетілетін қызметтер тізбесі;
5) ақылы медициналық қызметтер ұсынуға қатысатын медицина қызметкерлері туралы, олардың кәсіптік білімі мен біліктілігі туралы мәліметтерді;
6) ақылы қызметтер көрсету кезінде азаматтардың жекелеген санаттары үшін жеңілдіктер туралы мәліметтерді;
7) денсаулық сақтау ұйымының жұмыс режимі, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек, ақылы қызметтер көрсетуге қатысатын медицина қызметкерлерінің жұмыс кестесі;
8) уәкілетті органның, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мемлекеттік басқару жергілікті органының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті аумақтық бөлімшелерінің мекенжайлары мен телефондарын қамтитын ақпаратты орналастыру арқылы ұсынады.
1) өздерінің бастамасы бойынша, оның ішінде бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасынсыз медициналық көмек көрсету;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету;
3) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
4) қылмыстық-атқару мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұсталатын тұлғаларды қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесіне кірмейтін және (немесе) медициналық көрсетілімдерсіз медициналық зерттеулер жүргізу;
5) қылмыстық-атқару мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұсталатын тұлғаларды қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде санаторийлік-курорттық ұйымдарда көрсетілетін қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
6) медициналық көрсетілімдерсіз медициналық-генетикалық зерттеулер, ал қылмыстық-атқару мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұсталатын тұлғаларға медициналық көрсетілімдер бойынша;
7) қылмыстық-атқару мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұсталатын тұлғаларды қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көзделмеген және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру көлемінен тыс медициналық зерттеп-қарау;
8) қылмыстық-атқару мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұсталатын тұлғаларды қоспағанда, шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;
9) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылады.
Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалады.
Егер пациенттің өміріне қауіп төндіретін жағдай мемлекеттік лицензияға сәйкес денсаулық сақтау ұйымының бейініне сәйкес келмесе, онда ақылы қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымы пациенттерді тасымалдауды қоса алғанда, пациентке тиісті денсаулық сақтау ұйымына қол жеткізуді ұйымдастырады.
Денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына енгізілмеген, сондай-ақ Кодекстің 251-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелмеген, біржолғы әкелу арқылы әкелінген дәрілік заттарды сатып алуды қоса алғанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде емдеуде жүрген пациенттерге ақылы медициналық қызметтер көрсетудің әрбір жағдайы «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына (бұдан әрі - ҚР ДСМ-313/2020 Бұйрық) сәйкес бекітілген нысан бойынша есептік медициналық құжаттамада негізделе отырып көрсетіледі.
Денсаулық сақтау субъектілері 9 қайта қараудағы (АХЖ-9) Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктелуінің, 10-қайта қараудағы (АХЖ-10) Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктелуінің кодына сәйкес есепке алу нысандарын уақтылы және дұрыс толтыруды қамтамасыз етеді.
1) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету кезінде ҚР ДСМ-313/2020 Бұйрыққа сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық қорытындыны;
2) стационарлық, стационарды алмастыратын көмек, оның ішінде қалпына келтіру (оңалту) емін жүргізу кезінде және паллиативтік көмек көрсету кезінде сырқатнамадан шығару эпикризін;
3) қызметтердің саны мен құнын көрсете отырып, көрсетілген қызметтердің тізбесі туралы ақпаратты ұсынады.
Бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 29 қазаны
№ ҚР ДСМ-170/2020 Бұйрыққа
2-қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысаны
______________________ жылғы «___»_______
(Орналасқан жері)
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын
_______________________________________________________________,
(пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері)
бір тараптан және бұдан әрі Қызмет беруші деп аталатын
_________________________________________________________________
(Жарғы, Ереже) негізінде әрекет ететін
_________________________________ атынан
(денсаулық сақтау ұйымының толық атауы, БИН)
_________________________________________ екінші тараптан
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
ауруларды диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес аталған нозологиялар бойынша хаттамалар болмаған кезде – жалпыға бірдей қабылданған тәсілдерге және дәлелді базаға сәйкес медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге;
Тапсырыс берушінің емдеу нәтижелерімен қанағаттанушылығының ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға;
егер ақылы медициналық қызметтерді ұсыну кезінде кенеттен болған қатты аурулар, жай-күйлер, асқынулар, созылмалы аурулар кезінде пациенттің өміріне қауіпті жою үшін шұғыл көрсетілімдер бойынша қосымша медициналық қызметтерді ұсыну қажет болған жағдайда, Кодекске сәйкес медициналық көмекті ақы алмай ұсынуды қамтамасыз етуге;
жасасқан Шарт шеңберінде осы немесе өзге де қызметтерді көрсетуге жағдайлар болмаған жағдайда, осы қызметті басқа денсаулық сақтау ұйымында көрсетуді ұйымдастыруға және оған ақы төлеуге;
Тапсырыс берушіге немесе сенімділік бойынша өкіліне Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412 бабына сәйкес көрсетілген медициналық, диагностикалық және сервистік қызметтердің түрлері мен көлемдерін көрсете отырып, белгіленген мерзімде шот ұсынуға;
Тапсырыс берушіге немесе сенімділік бойынша өкіліне осы Шарттың орындалуына тексеру жүргізу үшін барлық қажетті медициналық және қаржылық құжаттаманы ұсынуға міндетті.
жұмыс тәртібі мен режимін айқындайтын денсаулық сақтау ұйымында белгіленген қағидаларды сақтауға;
Шарт қызметтерін алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
қызметті немесе қызметтердің бір бөлігін алудан бас тарту туралы Қызмет берушіні уақтылы хабардар етуге;
көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді уақтылы жүргізуге міндетті.
ақылы бөлімшеде (палатада) жұмыс істейтіндер қатарынан емдеуші дәрігерді таңдауға;
жүргізілген емнің сапасы мен дәрігерлік тағайындаулардың негізділігіне сараптаманы жүзеге асыруға құқығы бар.
1) медициналық қызметтерді тиісті көлемде және сапада көрсетпеу;
2) ТМККК-ға және МӘМС кіретін қызметтер үшін Тапсырыс берушіден ақы алу;
3) нақ сол медициналық қызметті көрсеткені үшін екі рет ақы алу (пациент қаражатының және бюджет қаражатының есебінен).
Қызмет беруші: Тапсырыс беруші:
_________________ _______________