Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрлігінің

«Республикалық электрондық

денсаулық сақтау орталығы»

шаруашылық жүргізу

құқығындағы республикалық

мемлекеттік кәсіпорнында байқау

кеңесінің мүшелерін іріктеу

бойынша конкурс өткізу туралы    

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы        20 ақпандағы № 113 бұйрығымен бекітілген Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  

  1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес конкурстың шарттары, өткізу күні мен орны айқындалсын.
  3. Комиссия:

1) мерзімді баспасөз басылымдарында байқау кеңесі мүшесінің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды (тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын), немесе осы бұйрық қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;   

2) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап екі айдан аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі                                             А. Цой

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2021 жылғы _____ _________

№ ____ бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі

конкурстық комиссияның құрамы

 

Әсем

Бекқызы Нүсіпова

 

 

Бүркітбаев

Жандос Қонысұлы

 

Дана

Қалимолақызы Көккөзова

-         Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төраға

 

-         Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

 

-         Жобалық және корпоративтік басқару департаментінің корпоративтік даму басқармасының бас сарапшы, хатшы*

 

Асқар

Қуанышұлы Ақбаев

 

-         Жеке қауіпсіздік департаментінің директоры

Еркінбек

Рахымбайұлы Әмірғалиев

-         Заң департаментінің директоры

Аслан

Қинаятұлы Қинаятов

 

Мелдебеков

Руслан Қасқырбеқұлы

 

-         Жобалық және корпоративтік басқару департаментінің директоры

 

-         Ішкі аудит департаментінің директоры

 

Дәулет

Қадырұлы Алдыңғұров

-         Ғылым және адами ресурстар департамент директорының м.а.

 

Гүлнар

Еділқызы Сәрсенбаева

-         Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары

Ербол

Жасұланұлы Бекмұхамбетов

-         Денсаулық сақтау ұлттық палатасының басқарма төрағасы

 

*Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2021 жылғы _____ __________

№ ____ бұйрығына

2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша

конкурстың шарттары, өткізу күні мен орны

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық

денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.   

Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.

Кәсіпорынның орналасқан жері: 050054, Қазақстан Республикасы, Нұр-Султан қаласы, Қонаев көшесі, 10-үй.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: денсаулық сақтау жүесінің ақпараттық инфрақұрылымын және медициналық статистиканы жетілдіру жолымен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жәрдемдесу зерттеулер жүргігу, ақпараттық және білім беру.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл тәжірибесінің болуы;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктеріндегі мүшелігі.

  1. Мынадай:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адам байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайланбайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін түрде);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат растаған көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушының өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным туралы құжаттардың көшірмелері) беруіне болады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Құжаттарды қабылдау басталатын күн – мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күн.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.

Конкурстың өткізілу күні – конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.

Үміткердің конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде әңгімелесу өткізіледі.

                           

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы
Дата публикации
13 сентября 2021