«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын сайлаудың кейбір мәселелері туралы

«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын сайлаудың кейбір мәселелері туралы

 

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
36-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 177-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына, «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жарғысы 42-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінің
73-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 55-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № КГИП-03-КГ/6118 хатының негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын сайлау тәртібі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жобалық және корпоративтік басқару департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны Қоғамның назарына жеткізсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр                                                                                      А. Цой

«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын сайлаудың кейбір мәселелері туралы
Дата публикации
25 августа 2021