Ел Президентінің тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі барлық медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.
Заң жобасы шеңберінде Министрлік медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін «жүктелген» сақтандыруды кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр, онда Денсаулық сақтау субъектілерінің одан әрі қызметіне қойылатын талаптарды қатаңдататын бірқатар шаралар көзделеді. Атап айтқанда, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасу міндеті жүктеледі.