«Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін «Назарбаев Университет» дербес білім беру ұйымына беру туралы

Қазақстан Республикасының «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің 100 (жүз) пайызы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының меншігіне берілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін «Назарбаев Университет» дербес білім беру ұйымына беру туралы
Дата публикации
30 декабря 2020