Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жоба

 

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

 

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 14 - бабын және «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы "Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Ережесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын аударуды қамтамасыз етсін.
  3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері:

      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалану;

      2) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есепті есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыну.

  1. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы «__» _____ № ___ қаулысымен бекітілген

     

 

 

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына және «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына сәйкес әзірленді.
  2. Қағидалар 074 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды, 226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің (бұдан әрі–074 бюджеттік бағдарлама) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге.

.  3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

.

 



  1. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

 

  1. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттыруға пайдаланылады.

.

  1. 3. Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша үнемдеу қаражатын пайдалану трансферттерге, есептілікке

 

  1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 074 бюджеттік бағдарламаның төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарының негізінде облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
  2. Қандай да бір облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, оның ішінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тікелей және түпкілікті көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне нысаналы трансферттердің сомаларын өңірлер арасында қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
  3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне 074 бюджеттік бағдарламаға сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.
  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне есептілік ұсынады.

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысымен бекітілген

 

 

 

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

р/с №

Облыстар мен қалалардың атауы

Сомасы,

мың теңге

 

Барлығы

2 086 580

1.

Ақмола облысы

88 847

2.

Ақтөбе облысы

112 542

3.

Алматы облысы

156 957

4.

Атырау облысы

75 290

5.

Шығыс Қазақстан облысы

225 247

6.

Жамбыл облысы

138 887

7.

Батыс Қазақстан облысы

87 066

8.

Қарағанды облысы

190 526

9.

Қостанай облысы

155 709

10.

Қызылорда облысы

115 340

11.

Маңғыстау облысы

43 593

12.

Павлодар облысы

135 933

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

69 358

14.

Түркістан облысы

102 922

15.

Алматы қаласы

127 876

16.

Нұр-Сұлтан қаласы

163 889

17.

Шымкент қаласы

96 598

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
04 февраля 2021