Республикалық мүлікті «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру туралы

Республикалық мүлікті «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру туралы

 

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің теңгеріміндегі Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 21:320:097:986:3/М, жалпы алаңы 28 шаршы метр ғимарат (М литері - өте беріс) «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қазақстан Республикасының

              Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

Республикалық мүлікті «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру туралы
Дата публикации
02 февраля 2021