Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды айқындау туралы
Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы мемлекеттік бақылауды
және қадағалауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдарды айқындау туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 37-бабының 1-тармағының 1), 2)-тармақшаларына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереженің 19-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын орынбасары болып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының санитариялық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары айқындалсын.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болмаған кезеңде оның міндеттерін атқару Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарына жүктелсін.
2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары болмаған кезеңде оның міндеттерін атқару Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының эпидемиологиялық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері болып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және көліктегі аумақтық бөлiмшелерiнің басшылары айқындалсын.
4. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын өзінің орынбасарларын, аудандық және қалалық (бөлімшелік) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді және олардың орынбасарларын айқындасын.
5. Мыналардың:
1) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 102 бұйрығының;
2) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 9 қарашадағы № 778 бұйрығының;
3) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 9 қарашадағы № 778 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 798 бұйрығының күші жойылсын.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық комитеті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы Т. Сұлтанғазиев
17
27 қараша 2026 16:16
25 қараша 2026