Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының немесе алқалы атқарушы орган басшысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Басқарма төрағасының бос лауазымына қабылдауға конкурс жариялайды.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны:
Конкурстың өткізілу күні: 2026 жылғы 20 қазаннан бастап;
Конкурстың өткізілетін орны: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 20, «Palazzo degli Affari» бизнес орталығы, 4-қабат.
Анықтама телефоны: 8 (7172) 572-950 (ішкі 1025).
Кәсіпорынның атауы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Астана қаласы, 010000, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 20, «Palazzo degli Affari» бизнес орталығы.
Телефон: 8 (7172) 572-950, қабылдау бөлмесі – 1000.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Қызметінің мақсаты зерттеулер жүргізу, ғылыми-техникалық, ақпараттық және білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы денсаулық сақтау жүйесінің дамуына жәрдемдесу болып табылатын денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру.
Кәсіпорын Басқармасы төрағасының негізгі лауазымдық міндеттері:
- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және байқау кеңесінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
- үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста Кәсіпорынның атынан әрекет етеді;
- банктік шоттар ашады, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
- үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста Кәсіпорынның атынан өкілдік ету құқығына сенімхаттар береді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады және т.б.;
- міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер мен жауапкершілік салаларын Басқарма мүшелері – Басқарма төрағасының орынбасарлары арасында бөледі;
- мыналар үшін дербес жауапты болады:
- Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі және мүлкінің сақталуы;
- Кәсіпорынның даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігі;
- таза кірістің белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармау;
- Кәсіпорынның Жарғысында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімінің, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлігінің және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік берілгені туралы куәлігінің болуы не «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыттары бойынша жоғары білімінің немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің немесе MBA executive не full time дәрежесінің болуы, басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам мыналарды білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
- қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерін;
- денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін;
- басқарудың экономикалық әдістерін және ұйым қызметін талдауды;
- медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын;
- денсаулық сақтау саласындағы адам ресурстарын басқарудың үздік тәжірибелерін;
- халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштерді;
- отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару саласындағы үздік халықаралық тәжірибені;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды;
- төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- еркін нысанда жазылған өмірбаян;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмесі немесе еңбек шарты, еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы;
- Кәсіпорынды дамыту жөніндегі презентация (5 слайдтан аспайтын), онда негізгі проблемаларды талдау және оларды шешу жөніндегі ұсынылатын шаралар қамтылуға тиіс.
Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс өтілі, кәсіби даярлық деңгейі туралы қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарын, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдарды) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурстарында хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде (2026 жылғы 20 қазаннан бастап 2026 жылғы 3 қарашаны қоса алғанда).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін Кәсіпорынның n.abduhalikova@nrchd.kz электрондық поштасына электрондық түрде ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін кемінде бір сағат бұрын ұсынылуы тиіс. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуге жіберілмейді.
Конкурсқа жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді Кәсіпорынның Байқау кеңесі өткізеді.
75