«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі аудит департаментінің 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 809 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Ішкі аудит департаментінің

2026 жылға арналған

мемлекеттік аудит объектілерінің

тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 809

бұйрығына толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 тіркелді) бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының
15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі аудит департаментінің 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 809 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі аудит департаментінің 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8 жолмен толықтырылсын:

8

ҚазМедТех» АҚ

сәйкестік аудиті

электрондық ішкі мемлекеттік аудит

мемлекеттік аудит объектісі қызметінің мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара

2024 жылдың
2 жартыжылдығы - 2026 жыл

дың
1 жартыжылдығы

3-4 тоқ

сан

1 140 872,6

                                                                                                                           ».

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті:

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) осы бұйрық қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі                                             А. Әлназарова

Дата публикации
23 сентября 2026