Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

міндетті түрде "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың департамент бастығының орынбасарынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының басқарма бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екi жылдан кем емес;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

С-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

С-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-1

289 700

391 104

С-2

204 046

275 719

С-3

154 141

208 294

С-4

138 214

186 526

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс, анықтама телефоны 8 (7172) 74-28-18, e-mail: a.doszhanova@mz.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің директоры, С-1 санаты, 11-1

Функционалдық міндеттері: Департаменттің жұмысына жалпы басшылық ету, үйлестіру, жоспарлау. Медициналық қызметтерді қаржыландырудың және оларға тарифтерді қалыптастырудың әдістерін жетілдіру мәселелерін қоса алғанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу  жөніндегі іс-шараларды үйлестіру. Бюджетті қалыптастыруға қатысу. Медициналық сақтандыру жүйесі тәуекелдерінің жұмыс істеуінің және басқарудың халықаралық тәжірибесін зерделеу және қорыту. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін жетілдіру, тарифтерді қалыптастыру бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ Қор қызметінің негізгі көрсеткіштерін құру. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асыруға қатысу. Денсаулық сақтау саласын құруға, МӘМС жүйесін ендіруге және жетілдіруге, қаржыландыруға және тарифтерді қалыптастыруға бағдарланған  заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың МӘМС енгізу, тарифтерді қалыптастыру және медициналық қызметтерге ақы төлеу мәселелері бойынша өтініштерін қарау. Қызметтік құжаттарды, хаттарды қарау, олардың орындалуын бақылау. Департаменттің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымдарды енгізу.   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше қоғамдық денсаулық сақтау немесе экономика бойынша магистр дәрежесінің болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

  1. Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 08-2

Функционалдық міндеттері: Департаменттің құрылымдық бөлімшелерін жалпы үйлестіру, Департаменттің өкілеттіктері шеңберінде Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдері мен тапсырмаларының және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды және тексеруді жүзеге асыру. Департамент құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге басшылық жасау, стратегиялық құжаттар мен операциялық жоспарлардың орындалуын бақылау, Денсаулық сақтау саласы бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау. Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша министрлік қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау бойынша жұмысқа басшылық ету, басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді орындау. Денсаулық сақтау саласында ақпараттық-талдау материалдарын, баяндамаларды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

  1. Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 08-4

Функционалдық міндеттері: Департаменттің құрылымдық бөлімшелерін жалпы үйлестіру, Департаменттің өкілеттіктері шеңберінде Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдері мен тапсырмаларының және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды және тексеруді жүзеге асыру. Департамент құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге басшылық жасау, стратегиялық құжаттардың орындалуын бақылау, Денсаулық сақтау саласы бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау. Жобалық басқару, денсаулық сақтау жүйесінде реформалауды іске асыру мәселелері бойынша Министрлік пен саланың негізгі бағыттарын әзірлеу. Денсаулық сақтау жүйесін реформалау мен дамытуды іске асыру жөніндегі министрліктің қызметін үйлестіру. Денсаулық сақтау саласын реформалауға бағытталған заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу. Денсаулық сақтаудың қолданыстағы бағдарламаларын жетілдіру және жаңа бағдарламаларын құру бойынша жобаларды әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау жобаларын іске асыру мониторингі мәселелерін курациялау. Денсаулық сақтау саласында ақпараттық-талдау материалдарын, баяндамаларды дайындау. Қызметтік құжаттарды, азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау, олардың орындалуын ұйымдастыру, оларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жобаларды басқару, экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (юриспруденция) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

  1. Ішкі аудит департаменті Ішкі аудит, мониторинг және қаржылық бақылау басқармасының басшысы, С-3 санаты, 07-01-01

Функционалдық міндеттері: Басқармаға басшылықты  жүзеге асыру: Басқарма қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау. Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін,  ведомстволардың аумақтық органдарының,  ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметінің алдына қойылған мақсаттары   мен міндеттеріне қол жеткізу бойынша функцияларын талдау, бағалау және тексеру, кадрлық, қаржылық және өзге де ресурстарды басқару, сондай-ақ аудит объектілерінің қызметін жетілдіруге бағдарланған  басқару процестерін оңтайландыру бойынша  қабылданып жатқан шараларды басқару, Министрліктің  Стратегиялық және операциялық жоспарларын іске асыру бойынша  талдаудың жүзеге асырылуын бақылау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, экономика, есепке алу және аудит, мемлекеттік аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

  1. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Ана мен бала денсаулығын қорғау басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), С-4 санаты, 10-02-05

Функционалдық міндеттері: Перинаталдық көмекті өнірлендіруге, тиімді перинаталдық технологиялардың, емшек сүтімен қоректендіру қағидаттарының, бала жасындағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу және ДДҰ ұсынған өзге де қағидаттардың енгізілуіне мониторинг жүргізу. Ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша жағдайды, ана мен бала өлімінің деңгейін мониторингілеу.  Неврологиялық аурулары бар балаларға (БЦП, аутизм және т.б.) көмек көрсетуді жетілдіру, диагностикалау мен емдеуде жаңа технологияларды енгізу бойынша іс-шаралар әзірлеу, балаларға сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру, балаларға оңалту және паллиативтік көмек көрсетуді жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеу, туа біткен даму ақаулары бар балалардың туылуын төмендету үшін пренаталдық диагностиканы жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеу және талдау, орфандық аурулары бар (муковисцидоз, мукополисахаридоз, Гоше ауруы және т.б.) балаларды диагностикалау, емдеу және оңалтуды жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеу. Медициналық ұйымдарда балалар саудасының алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Балалар денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шараларды үйлестіру, жарақаттанудан, жазатайым оқиғалардан балардың өлім-жітімін төмендету жөніндегі іс-шараларды орындау. Жетім балаларға және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған, Сәбилер үйлеріндегі балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше акушерлік және гинекология немесе педиатрия бойынша жоғарғы/бірінші біліктілік санатының, денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау.

  1. Денсаулық сақтауды цифрландыру департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), С-4 санаты, 16-02-03

Функционалдық міндеттері: Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен аумақтық бөлімшелерінің денсаулық сақтауды ақпараттандыру саласындағы стратегиялық жоспарларды, ағымдағы және инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, іске асыру мәселелері бойынша қызметін үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттар қауіпсіздігі жүйелері),     немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау.

  1. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (2 бірлік), 12-01-05, 12-01-06 (1 бірлік негізгі қызметкердің 13.06.2020 ж. қоса алғанда баланың күтіміне байланысты демалыс уақытына)

Функционалдық міндеттері: Дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Өз құзыреті шегінде Формулярлық жүйені жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, формулярлық комиссияларының жұмыстарын үйлестіру және дәрілік формулярларды келісу. "Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" ШЖҚ РМК Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы қызметін үйлестіру. Дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлігінде бірыңғай дистрибьюторды үйлестіру. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар бойынша анықтаманы әзірлеу (қайта қарау), соның ішінде бағаларды мониторингтеу мәселелері бойынша жетекшілік ету. Дәрі-дәрмекпен, соның ішінде амбулаториялық деңгейде қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асыру. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, соның ішінде есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың, акцизсіз этиль спирті айналысы саласында пайдаланылу мониторингін жүзеге асыру. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жергілікті атқарушы органдармен, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, медициналық-профилактикалық ісі), немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау.

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Арнайы мамандандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Арнайы мамандандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен эссе жазады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      

 

__________                                             ____________________________________
(қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.

Дата публикации
23 января 2020