Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
міндетті түрде "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың департамент бастығының орынбасарынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының басқарма бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екi жылдан кем емес;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
С-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
С-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
|
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
С-1 |
289 700 |
391 104 |
|
С-3 |
154 141 |
208 294 |
|
С-4 |
138 214 |
186 526 |
|
С-5 |
104 058 |
140 691 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс, анықтама телефоны 8 (7172) 74-28-18, e-mail: a.doszhanova@mz.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Медициналық қызметтерді стандарттау мен клиникалық хаттамаларды әзірлеу, Медициналық қызметтердің сапасы бойынша бірлескен комиссияның жұмысын ұйымдастыру, дәрілік заттар айналысы салалары бойынша департамент жұмысын үйлестіру, жоспарлау, жалпы басшылық ету. Мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру. Қазақстан Республикасында Ұлттық дәрі-дәрмек саясатын іске асыруға қатысу. Халық пен денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмек заттарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда үйлестіру мен мемлекеттік басқаруды іске асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау және олар бойынша керекті шарларды қабылдау (қажет болған жағдайда). Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқада міндетемелерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Функционалдық міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдарымен Министрліктің өзара байланысын жүзеге асыру. Баспасөз конференцияларын, брифингтерді ұйымдастыру және өткізу. Бұқаралық ақпарат құралдарынан денсаулық сақтау мәселелері бойынша жаңалықтарды іріктеу. Министрлік өткізетін іс-шараларға бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу. Медиа-жоспарларды әзірлеу және іске асыру. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және комитеттерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру. Министрлік Web-сайтының «Жаңалықтар» бөлімінің жұмысын үйлестіру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың хаттарын қарау. Министрліктің қызметін республикалық, өңірлік электрондық және баспасөз БАҚ-та жариялау туралы есептерді мемлекеттік органдарға жіберу. Кіріс және шығыс ақпарат бойынша құжаттарды уақтылы дайындау, жоғары тұрған басшылардың өзге де тапсырмаларын орындау. Министрлік өткізетін іс-шараларға қатысу. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, медициналық-профилактикалық іс) немесе гуманитарлық ғылымдар (филология, шетел филологиясы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғаммен байланыс) немесе (орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шет тілі, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше негізгі мамандығы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау.
Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметіне, сондай-ақ басқарма құзыретінің мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметіне басшылық ету және ұйымдастыру. Медициналық мақсаттағы бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, соның ішінде бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Медициналық мақсаттағы бұйымдар ұтымды пайдалану мәселелері бойынша "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникасын ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК қызметін үйлестіру. Медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бөлігінде бірыңғай дистрибьюторды үйлестіру. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мониторинг жүргізу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жергілікті атқарушы органдармен, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Басқарма қызметшілерінің жұмысына бақылауды жүзеге асыру, еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауды бақылау, мамандардың жұмысында практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, сондай-ақ олардың орындарын ауыстыру туралы ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, фармация), немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау.
Функционалдық міндеттері: Жергілікті маңызы бар денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына, реконструциясына, сейсмокүшейтуге және оларды мониторингтеуге бағытталған даму республикалық бюджеттік бағдарламалары бойынша республикалық бюджетті қалыптастыру және орындау бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету, даму жобаларын (құрылысқа, реконструкциялауға және сейсмикалық күшейтуге) іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің және стратегиялық құжаттардың жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына (республикалық маңызы бар) салалық қорытынды Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен келісуді және беруді қамтамасыз ету; республикалық маңызы бар денсаулық сақтау объектілері құрылысының инвестициялық ұсынысын, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемесін жоспарлау және дайындау. Құрылыс объектілеріндегі жұмыстарға және тартылған инжинирингтік қызметтерге (техникалық және авторлық қадағалау, сондай-ақ құрылыс объектілеріндегі жобаларды басқару бойынша) бақылау жүргізу). Қолданыстағы заңнамаға Құрылыс және күрделі жөндеу объектілері бойынша орындалған жұмыстардың енгізілген актілерінің және анықтамалардың дұрыстығын (дұрыстығын) салыстырып тексеру, оларды құрылымдық бөлімшелерде келісу және төлемдер жүргізу үшін енгізу. Құрылыс объектілерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде жобалық шешімдердің негізделген өзгерістерін қарауға және келісуге қатысу, аяқталған құрылыс объектілерін пайдалануға беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу. Құрылыс объектілерін пайдалануға беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау. Құрылысқа жоспарланған объектілерді жобалау үшін бастапқы деректерді келісу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу (СЖТ, ТШ, схемалар, Қаулылар және т. б.). Сараптама жүргізу үшін нобайлық жобаларды, жобалардың бөлімдерін келісу бойынша Басшылыққа ұсыныстар енгізу; тиісті сараптамадан өткен кезде әзірленетін жұмыс жобаларын сүйемелдеу (дәлелді ескертулерді пысықтау), салынып жатқан және құрылысы жоспарланған денсаулық сақтау объектілері мен кешендеріне (қайта жаңарту, кеңейту, жетілдіру, күрделі жөндеу) мониторинг жүргізеді.); объектілердің құрылысына бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына және толық және уақтылы игерілуіне тікелей жауапты болады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, сәулет, қала құрылысы, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды жасау) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау.
Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, стандарттарды, нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу; медициналық қызметтер шығындарының денсаулық сақтау көрсеткіштеріне ықпалын бағалау және моноторинг жүргізу; МӘМС жүйесінде және ТМККК шеңберінде жұмыстың нәтижесіне бағытталған медициналық ұйымдардың қызметкерлерін ынталандыру жүйесін жетілдіру, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді басымды қаржыландыруды қамтамасыз ету бөлігінде бағдарламалық құжаттардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру; сараптама жүргізу үшін оқиғаларды іріктеуді автоматты түрде қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; медициналық көмектің түрлері (амбулаториялық-емханалық көмек, станционарлық, станционарды алмастыратын, жедел жәрдем қызметі, санитариялық авиация) бойынша медициналық қызметтер шығындарының тиімділігін талдау; құзыреті бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара іс-қимыл, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жұмысқа қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтауды ұйымдастыру немесе экономикалық мамандық бойынша біліктілік санатының, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау.
Функционалдық міндеттері: Басқармаға келіп түсетін құжаттарды орындау, олардың сапалы және уақытылы орындалуына талдау жүргізу, еңбек тәртібін сақтау. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен (БҰҰДБ, ДДҰ, ЮНИСЕФ, ЮСАИД, ЮНФПА және т.б.) ынтымақтастық мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу, Қазақстанда, халықаралық ұйымдармен іске асырылатын және іске асырылуы жоспарланып отырған жобаларды мониторингілеу және бақылау. Халықаралық ұйым өкілдерімен Министрлік басшылығының екі жақты кездесуін және келіссөздерін ұйымдастыру денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық және оларды түгендеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу. Министрлік басшыларының қатысуымен Шетелдік ресми іс-сапарларға қажетті талдамалық материалдарды, баяндамаларды дайындау; ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асыру. Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқа министрліктер мен ведомстволардың құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ құжаттарды ресімдеу мәселелері бойынша СІМ бөлімшелерімен (консулдық қызмет департаменті және т. б.) өзара іс-қимыл жасау. Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Министрліктің сайтына материалдар ұсыну. Басқарма мен министрліктің қызмет аясына байланысты құжаттарды мемлекеттік, шетел тілдеріне аудару, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің семинарларын, алқаларын, конференцияларын және талдамалық материалдарын дайындауға қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе құқық (халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін жоғарыда көрсетілген басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы, жоғары оқу орындарынан кейінгі білімі (магистратура) және шет тілдерін білгенін жөн. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау.
Функционалдық міндеттері: Медициналық және фармацевтикалық білім беру мәселелері бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау, іс қағаздарын жүргізу, медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау бойынша білім беру ұйымдарының статистикалық есептілігін жинау, қорыту және талдау, республикадағы медициналық және фармацевтикалық білім берудің жетекшілік ететін мәселелері бойынша талдамалық материалдар дайындау, республикада медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; Медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру саласындағы нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу, саланың стратегиялық қажеттіліктеріне сәйкес медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды жоспарлау, Медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру жөніндегі бағдарламаларды ұйымдастыру және әзірлеу, Медициналық және фармацевтикалық білім берудің жай-күйін талдау және мониторингілеу, азаматтардың қызметтік хат-хабарларымен және өтініштерімен жұмыс істеу, министрліктермен өзара іс-қимыл жасау, Медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру мәселелері бойынша ведомстволармен және медициналық білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (педиатрия, жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) немесе жаратылыстану ғылымдары (биология, химия) немесе білім (орыс тілі және әдебиет, шет тілі: екі шет тілі, биология, химия) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау.
Функционалдық міндеттері: Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік статистикалық есеп және есеп беру жүргізуді қамтамасыз ету. Статистикалық есеп және есепке алу мәселелері бойынша фармацевтикалық қызмет объектілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмысын үйлестіруге қатысу. Денсаулық сақтау және салалық статистиканы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу. Бекітілген есеп нысандары бойынша тоқсан сайынғы, жарты жылдық және жылдық статистикалық деректерді қабылдау, жинақтау мен жалпылауға қатысу. Республиканың медициналық ұйымдары қызметінің және халық денсаулығының статистикалық көрсеткіштерінің есептемелерін жүргізу. Статистикалық және талдамалық жинақтамаларды қалыптастыруға қатысу. Ақпараттарды, есептерді, анықтамалар мен талдамалық материалдарды дайындау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті денсаулық сақтау органдарына, ведомстволық бағынысты ұйымдарға нақты және әдістемелік көмек көрсету. Семинарлар, алқалар, конференцияларды даярлауға қатысу. Қызметтік құжаттарды, органдар мен ұйымдардың қызметтік құжаьттарын, хаттарын қарау. Министрліктің Стратегиялық комитетінің жұмысын ұйымдастыруға қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, гигиена және эпидемиология) мамандықтары бойынша жоғары білім, немесе мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының болуы, медициналық мамандық немесе денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Арнайы мамандандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Арнайы мамандандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен эссе жазады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы тармақша 2019 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады;
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы тармақша 2019 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады;
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы тармақ 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА
НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
_____________________________________________ |
ФОТО |
|
_____________________________________________ |
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
|||
|
1. |
Туған күні және жері/ |
||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша)/ |
||
|
3. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/ |
||
|
4. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / |
||
|
5. |
Шетел тілдерін білуі/ |
||
|
6. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / |
||
|
7. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / |
||
|
8. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
||
|
9. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ |
||
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
Күні/Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации |
||
|
қабылданған/ |
босатылған/ |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кандидаттың қолы/Подпись кандидата |
_______________күні/дата |
||