
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы - қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеушіден және (немесе) өндірушіден тұтынушыға жеткізу процесінде жүзеге асырылатын қызмет.
Дәрілік заттарды өндіруді мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес дәрілік заттарды өндіруге лицензиясы бар дәрілік заттардың айналымы саласындағы субъектілер жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.