Кажгалиева Жанар Жаксыбековна
Заң департаменті директорының орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Кажгалиева Жанар Жаксыбековна 1980 жылы 1 шілдеде Қостанай облысының Жітіқара қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Алматы қаласындағы Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мансап
Еңбек жолын 2001 жылғы қыркүйекте Орталық Азия университетінің Қостанай филиалында заң пәндерінің оқытушысы лауазымынан бастаған.
2002 – 2003 жж. – Қостанай қалалық сотының, Қостанай қаласының № 2 сотының бас маманы.
2003 – 2008 жж. – Қостанай облысының Экономика және сауда департаментінің, Шағын кәсіпкерлікті қолдау басқармасының және Қаржы департаментінің бас маманы.
2008 – 2013 жж. – Қостанай облысы әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы.
2013 – 2018 жж. – «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай филиалы директорының орынбасары.
2018 – 2023 жж. – Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, «Бақытты отбасы» әлеуметтік жобасының заңгері, жеке заңгерлік практикамен айналысқан.
2023 - 2026 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаментінің Құқықтық сараптама басқармасының басшысы.
2026 жылғы 2 қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары