Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
info@naoncgt.kz
Аккаунты соц. сетей:
Беркингали Нурданат null
Председатель Правления-Директор НАО «Национальный центр гигиены и труда и профессиональных
Общая информация, образование

Беркінғали Нұрданат – 1977 жылғы 28 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары медициналық білім алған. 2000 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдап, 2008 жылы Hannover Medical School (Германия) докторантурасын аяқтады. Мамандығы – дәрігер-оториноларинголог. Философия ғылымдарының докторы (PhD).

Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласындағы Жедел медициналық көмек станциясында фельдшер болып бастады. Кейін А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында дәрігер-оториноларинголог қызметін атқарды.

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жүйесінде сарапшы, кейін адами ресурстар саласында бас сарапшы қызметтерін атқарды. Әр жылдары денсаулық сақтау саласындағы жеке ұйымдарды басқарды.

2017–2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысы болды.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, кейін Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2021–2025 жылдары Астана қаласы әкімдігінің «Достық» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығының директоры, кейін Астана қаласының Городтық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры болды.

2025–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2026 жылғы 24 маусымнан бастап «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Директоры қызметін атқарады.

 

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы