Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
e.ospanov@dsm.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Оспанов Ербол Дүйсебайұлы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Общая информация, образование

Оспанов Е.Д. 1977 жылы 16 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Степной ауылында туған, білімі жоғары.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ ұлттық  аграрлық университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді.

 

Карьера

Еңбек жолын 1999 жылы «Қазақстан техникалық-экономикалық зерттеу және теміржол көлігі объектiлерi мен ақпарат жүйелерін жобалау институты – «Қазтемiржолкөлiкжобалау» ААҚ-да бірінші санаттағы инженер болып бастады

2000 - 2001 жылдары «Қазақстан техникалық-экономикалық зерттеу және теміржол көлігі объектiлерi мен ақпарат жүйелерін жобалау институты – «Қазтемiржолкөлiкжобалау» ААҚ-да филиалдың жетекші инженері.

2001 - 2006 жылдары «Қазақстан темір жол көлігінің  ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де жоба басшысы.

2006 - 2007 жылдары «Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы» АҚ-да Ақпараттық жүйесін әзірлеу басқармасының жүйелік талдау және бизнес жоспарлау бөлімінің жетекші инженер-жобалаушысы.

2007 - 2010 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Мемлекеттік органдардың ІТ бөлімшелерін құру жөніндегі департаменті бөлімдерінің бас маманы, Мемлекеттік органдардың ИКТ-бөлімшелерінің істеуі бойынша бағдарламаның бас менеджері, Құзыреттер орталығы директорының орынбасары, Құзыреттер орталығының директоры.

2010 - 2012 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-ның Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры, Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың басқарушы директоры.

2012 - 2016 жылдары «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталық» РМҚК бас директорының орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары.

2016 - 2017 жылдары «Жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның вице-президенті.

2017 - 2020 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның ақпараттық технологиялар жөніндегі бірінші вице-президенті, президенті.

2020 – 2024 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2024 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы