Ғылым және адами ресурстар департаменті

Ғылым және адами ресурстар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі –  Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдарын және актілерін, басқа  да нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

Департаметтің құрылымын Министр,  штат санын Министрліктің аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен бекітеді.

.

Департамент:

1. Адами ресурстарды дамыту басқармасынан;
2. Медициналық білім беру басқармасынан;
3. Медициналық ғылым және инновациялық технологиялар басқармасынан;
4. Мейіргер ісін дамыту басқармасынан тұрады.

Адами ресурстарды дамыту басқармасы

Басқарманың негізгі міндеті денсаулық сақтау және менеджмент саласының кадр ресурстарын басқару мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Медициналық ғылым және инновациялық технологиялар басқармасы

Басқарманың негізгі міндеті денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және инновациялық қызметті дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

Медициналық білім беру басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, Медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылады.

Мейіргер ісін дамыту басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мейірбике ісін дамыту саласында салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылады.