2026 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы А. Жүнісбекованың төрағалығымен «Атамекен» БҚО Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында азаматтардың медициналық көмектің (қызметтердің) сапасы мен дәрілік қамтамасыз етуге қатысты өтініштерінің (шағымдарының) артуы мәселесі бойынша кеңес өткізілді.Іс-шараға денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Губайдуллина А.Ж., Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалы басшысының орынбасары Беркалиев А.Б., сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың басшылары қатысты