Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасы
Басқарманың негізгі қызметтеріне:
- дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының қызметін үйлестіру;
- дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
- республикалық деңгейде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және мемлекеттік-конфессионалдық қатынас мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын ұйымдастыру;
- жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып республикалық ақпараттық-түсіндіру топтарының өңірлерге шығу іс-шараларын қамтамасыз ету;
- дін мәселелері бойынша республикалық және өңірлік ақпараттық- түсіндіру топ мүшелерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру жатады.