Дінтану сараптамасы басқармасы

Басқарманың негізгі қызметтеріне:

  • дінтану сараптамасын ұйымдастыру үшін сарапшылар қауымдастығын және әдістемелік базаны зерделеу;
  • құрылтай құжаттары, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттар, діни білім беру бағдарламалары, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттарға дінтану сараптамасын ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету;
  • дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды тағайындау бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;
  • дінтану сараптамасын жүргізуге қатысатын сарапшылардың біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • діни сипаттағы материалдарды қамтитын интернет-ресурстарға мониторинг және дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету;
  • «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсету жатады.