Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Қызылша ауруы бұл вирусты, ауыр өтетін және әртүрлі асқынуларға әкелетін жұқпалы ауру, қызылшамен қарым-қатынаста болған екпе алмаған адамдардың барлығы ауруды жұқтырады. Ауру қызылша вирусымен таралады, адамнан адамға ауа – тамшы жолдары арқылы, жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде жұғады.

Қызылшаның негізгі белгілері бұл;

- дене қызуының жоғарылауы,

 -дақты – папулезды бөртпенің бірінші кезекте баста және мойында пайда болуы, одан кейін бөртпе кеудеге, аяқ – қолдарға таралады.

 - жақтың кілегей бөлігінде ақ дақтардың пайда болуы;

- жөтел, мұрынның бітелуі

- конъюнктивит

Қызылша ауру ауыр түрде асқынулармен өтуі мүмкін, өте жиі кездесетін асқынулар бұл - пневмония, отит, энцефалит, менингоэнцефалит, медициналық көмекке кеш жүгінген кезде осы асқынулар өлімге де әкелуі мүмкін.                         

 Қызылшаның арнайы емі жоқ, тек екпе алу арқылы ғана  қызылшадан қорғануға болады.

Қызылшаны жұқтырудың, сондай-ақ олардың асқынуларының алдын алатын жалғыз тиімді әдіс - бұл тек вакцинация. Қызылшаға қарсы вакцинация 1 жаста және 6 жаста 2 рет жасалады, бұл вакцинацияланған адамдарда өмір бойы болатын вакцинациядан кейінгі иммунитеттің дамуына мүмкіндік береді.қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір дозасы иммунитетті күшейтеді.

 Вакцинация үшін қызылшаға қарсы қауіпсіз және тиімді вакцина қызамық пен паротитке (ККП) қарсы компонентпен бірге қолданылады.