Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

 "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 бұйрығына сәйкес:

     -  Әрбір келушi дербес қолдануы үшін таза киім-кешек қорымен (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) қамтамасыз етіледі. Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір рет қолданылатын жаға, астылық лентамен қолданылады. Жуу және дезинфекциялау құралдары жеке үй-жайда немесе орында сақталады;

      - шаштараздық қызмет көрсету залында таза киім-кешекті, парфюмерлік-косметикалық құралдарды жабық шкафтарда сақтауға жол беріледі. Пайдаланылған киім-кешек қайта пайдаланылмайды;

      -тарақтарды, щеткаларды, шаш қиюға арналған қайшыны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әрбір клиенттен кейін толық батырған (дезинфекциялау ерітінділері) кезде химиялық әдіспен немесе ультракүлгін сәулелеу арқылы кейіннен дезинфекциялай отырып, ағынды судың астында жуады;

      - Аспаптар әрбір клиентке қызмет көрсетілгеннен кейін дезинфекциялау құралымен екі рет (15 минут аралықпен) өңделеді.