Артқа

Күшбасов Арман Сайлаубайұлы

Басшының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Арман Сайлаубайұлы көшбасов 1987 жылы 10 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылында дүниеге келген.

Жоғары білімі бар. 2010 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын "Медициналық-профилактикалық іс" мамандығы бойынша, 2016 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесінде бастаған. Жұмыс істеген жылдары маманнан басшы лауазымдарға дейінгі жолдан өтті, аудандық және облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бөлімшелерінде, сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесінде жұмыс істеді.

2024 жылғы 18 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарады.

Кәсіби қызметі үшін "Халық алғысы" медалімен (2020 жыл) және "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен (2025 жыл) марапатталған.

Жұмыс бағыттары

Жаңарту күні: