Давлетбаева Марина Бурабаевна
Басшының орынбасарының м.а.
Жалпы ақпарат, білімі
Давлетбаева Марина Бурабаевна 1972 жылы 4 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Степное ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "медициналық-профилактикалық іс"мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 1995 жылы Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде санитариялық дәрігер лауазымында бастаған. Жұмыс істеген жылдары санитарлық дәрігерден құрылымдық бөлімшелердің басшысына дейінгі жолдан өтті, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аудандық және облыстық бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2025 жылғы 19 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.
Көп жылғы адал еңбегі үшін "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталған (2020 жыл).