О проведении семинара для специалистов городских, районных управлений

Қалалық, аудандық басқармалардың

мамандарына семинар өткізу

туралы

 

 

            Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы  № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2025 жылғы 18 наурыздағы №23 бұйрығын және 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2025 жылдың 4 сәуірінде     онлайн форматта (ZOOM-платформасы     

арқылы) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру    бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету» және «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларындағы өзгерістер мен толықтыруларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың әкімшілік рәсімдерін түсіндіру мақсатында қалалық, аудандық басқармалардың мамандарына семинар өткізілсін.

  1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес семинардың бағдарламасы бекітілсін.

3.Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөліміне: семинарды

ұйымдастыру қамтасыз етілсін.

4.Осы   бұйрықтың     орындалуын    жүзеге    асыру   Департамент басшысының орынбасары А. Шаровқа жүктелсін.

 

           

           Басшы                                                             М. Сербаев    

 

 

 

Маңғыстау облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының

 2025 жылғы ____ ____________

    №  ______  бұйрығына

қосымша                                

 

 

Қалалық, аудандық басқармалардың мамандарына  

онлайн форматта (ZOOM-платформасы арқылы) өткізілетін

семинардың бағдарламасы

 

Ақтау қаласы                                                              2025 жылдың 4 сәуірі

 

Уақыты

Тақырыбы

15:30

«Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету» қағидаларындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы

Департамент басшысының орынбасары А.Шаров (15 минут)

15:45

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы  Тамақтану объектілерін бақылау   бөлімінің басшысы

Б. Сатканбаева (15 минут)

16:00

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың әкімшілік рәсімдерін түсіндіру туралы

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Турикпенбаева (15 минут)