Алматы облысының табиғи ошақтарының аумақтарында кенеге қарсы өңдеу жүргізу туралы.

Алматы облысының табиғи ошақтарының аумақтарында кенеге қарсы өңдеу жүргізу туралы.

Кенелердің белсенділігі маусымының басталуында орай, Алматы облысының кене энцефалитінен эндемиялық 12 ауданы мен қалалардың табиғи ошақтарының аумақтарында профилактикалық мақсаттағы кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары 2021жылдың 7 сәуірінен бастап жүргізілуде. Бүгінгі күнге Ақсу, Алакөл, Ұйғыр, Кербұлақ, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Талғар аудандарының адамдардың көп демалатын ашық аумақтарында 124 га көлемінде кенелерге қарсы өңдеу жүргізіліп, одан әрі өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Құрметті аудандар мен қалалардың тұрғындары кенелерді жою бойынша жұмыстарды жүргізу туралы белгілері (жазуы бар қалқандар) бар аумақтарға барудан бас тартуыңызды сұраймыз. Кенелерді жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы белгісі бар орындарда 45 күн бойы мал жаюға тыйым салынады. Сонымен қатар, өңдеу жүргізілген күннен бастап 3 күн ішінде осы аумақтарға барудан, жерде жатып демалудан аулақ болыңыз.

Ақсу, Алакөл, Ескелді, Сарқан, Кербұлақ, Ұйғыр, Қарасай, Талғар, Кеген, Райымбек аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларының ашық аумақтарында, саябақтарда, скверлерде кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары  2021жылдың 26 сәуіріне дейін жалғасады

Жарияланған күні

12 сәуір 2021

Жаңарту күні

12 сәуір 2021