Оба – сирек кездесетін, бірақ өлім-жітімі жоғары инфекция.

https://www.instagram.com/p/DWlO0UTjJQs/?igsh=eTV4Z3dyNHRqNHdz
https://www.instagram.com/p/DWlO0UTjJQs/?igsh=eTV4Z3dyNHRqNHdz

Оба – сирек кездесетін, бірақ өлім-жітімі жоғары инфекция.

Оның табиғи ошақтары бірнеше аудандарда орналасқан. 2025 жылы Балқаш ауданында кеміргіштер арасында 5 жағдай және 1 жұқтырылған бүрге анықталды. Қауіптің алдын алу мақсатында 1896 адам вакцинацияланды және арнайы залалсыздандыру шаралары жүргізілді.
Спикердің айтуынша, кене энцефалиті көктем-жаз айларында жиі кездеседі. Кенелер сәуірден қарашаға дейін белсенді болып, 20-дан астам инфекцияны тасымалдай алады. Өткен жылы 2000-нан астам адам кене шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінді, олардың 57%-ы – балалар. 4 жағдай тіркеліп, 1 адам қайтыс болды. Қауіп топтарынан 5000-нан астам адам вакцинацияланды.
Аталған инфекциялардың алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет: ет өнімдерін тек ресми орындардан сатып алу, толық пісіру, жануарлармен абай болу, кенеден қорғану, жеке гигиенаны сақтау және уақытылы вакцинациядан өту.
Аса қауіпті инфекциялар немқұрайлылықты кешірмейді. Дегенмен, сақтық шараларын сақтау арқылы олардың алдын алуға болады. Бүгінгі жауапкершілік – ертеңгі қауіпсіз өмірдің кепілі.