Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу.

         Бұл вирус тудыратын аса қауіпті жұқпалы ауру. Вирусты тасымалдаушылар - кенелер. Инфекцияның таралуы - кене шаққан кезде, оны қолымен басқанда, жануарлар мен адамдардан кенені тергенде, жануарлардың қанымен жанасқанда, сойғанда, бөлшектеген кезде болады.

         Тәуекел топтар: шопандар, сауыншылар, мал өсірушілер, жеке мал басының иелері, егін егу жұмыстарымен айналысатын адамдар, медицина қызметкерлері.

         КГҚ профилактикасының негізгі шаралары: Көптеген жағдайларда кенелер аяққа жабысады және киімнің үстінен жоғары қарай жылжиды, сондықтан табиғатта болғанда шалбарды етікке немесе тығыз резеңкелі шұлыққа тығып, ал киімнің жоғарғы бөлігін шалбардың ішіне салу керек. Жейденің жеңдері қолға тығыз жабысуы тиіс. Шашты орамалдың немесе бас киімнің астына жасыру керек. Киiмнiң түсiне келетiн болсақ, онда кенелер неғұрлым көрiнетiндiктен, ашық түстерге басымдық беру керек. Орманда тұрақтар мен түнеулерді шөп өсімдіктері жок учаскелерде ұйымдастырған дұрыс. Табиғатқа шығар алдында міндетті түрде кенелерден қорғайтын репелленттік құралдарды пайдаланыңыз.

          Кенелерді алу үшін медициналық мекемеге жүгіну керек, егер бұл мүмкін болмаса, онда жабысқан кенелерді денеден мұқият алып тастап, мұртшалары терінің астында қалып қалмайтындай тырысу қажет, қолғап және пинцетпен жұмыс істеу ыңғайлы, жараны йод ерітіндісімен дезинфекциялау керек. Егер кенені денеден алып тастау қиын болса, тістелген жерді өсімдік майымен майлайды, содан кейін кене 20-30 минут ішінде өзі түсіп қалады.       Ешбір жағдайда алынған кенені қолмен басып, езуге жол бермеңіз!

           Медициналық көмекке уақытылы жүгіну - ерте диагностика мен табысты емдеудің кепілі!