Ас тұзын пайдаланудағы пайдалы кеңестер

Көру саны:106
Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ас тұзын үйде ғана емес, қоғамдық тамақтану орындарында да пайдалануды азайтуға шақырады. Бұл үндеудің негізі мынада.
Өсімдік және жануар тектес тағамдардың бәрінің құрамында тұз болады. Әсіресе, консервіленген (тұздалған қияр, зәйтүн, қырыққабат және т.б.), пісірілген-ысталған (ет, шұжықтар және т.б.), кептірілген-қуырылған (тұздалған жаңғақтар, чипсы, қытырлақ нан және т.б.), сүт (ірімшік, брынза, құрт және т.б.) және теңіз тағамдарында (теңіз қырыққабаты, шаян, майшабақ, мидий, краб, теңіз шаяны және т.б.) көп мөлшерде кездеседі. Осындай тағамдарды жиі пайдаланумен қоса күнделікті тағамдарды қосымша тұздау, адамның ағзасындағы су-тұз және сілті-қышқылдың алмасуына кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.
Адамның денесі 70% судан тұрады, тұз (хлорид натрия) ағзадағы су тепе-теңдігін сақтауды реттейді. Хлор асқазан сөлінің басты компоненті тұз қышқылын түзеуге қажетті. Бірақ, адам ағзасына тұздың артық мөлшерде түсуі қанның қысымын өзгертіп, бүйректің зәр бөлетін функциясын бұзады, сұйықтардың тіндерде жиналып, ісінуінің нәтижесінде қан тамырларының қысылуы олардың ішіндегі қысымның жоғарылауына әкеледі. Егер, бұндай жағдайлар тұрақты болып тұрса, онда жүрек-қантамырларының аурулары қалыптасып, зат алмасу бұзылады, бүйректер зардап шегеді. Асқазанның тітіркенуі қатерлі ісіктің пайда болу қатерін жоғарылатады. Гиподинамияда артроз, остеохондроз дамиды, яғни буындар мен жұмсақ тіндерде тұздардың жиналуына әкеп соғады. Сондықтан өте тұзды тағам зиянды ғана емес, сонымен қатар өте қауіпті деп айтуға болады.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы күніне 2-3г. артық емес, яғни 1 шай қасықтан аз тұзды пайдалануды ұсынады, бірақ статистикалық деректер бойынша қазіргі уақытта адамдармен 12-13 г. артық тұз қолданылады екен. Тұзды көп мөлшерде тұтыну әсіресе семіздік, гипертония, подагра, бүйрек аурулары бар адамдар үшін өте қауіпті.
«Тұзды уыстап жемес» деп бекер айтылмаған шығар, сондықтан, тұзды пайдалануда біздің кеңестерімізге құлақ асыңыздар!
22 сәуір 2024
22 сәуір 2024