Ойыншықтардың таңбалауына қойылатын талаптар

Көру саны:77
Әр баланың өмірінде ойыншықтар көп орын алады. Ойыншық балаларға қоршаған әлемді тануға көмектеседі, ойлау, есте сақтау, сөйлеу, эмоцияларды дамытуға көмектеседі. Бүгінгі күні нарық түрлі ойыншықтарға толы. Өкінішке орай, олар әрдайым сапалы және қауіпсіз болмайды.
Алматы облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өткізетін өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері 2020 жылдың 3 айында зерттелген ойыншықтардың 55% техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмегенін көрсетті.
100% - бұл таңбалау талаптарының бұзылуы, 4 % - иісі нормаланған көрсеткіштен асып түседі (3 жастан асқан балалар үшін «Доппен ит»), 7% - да-зиянды заттар құрамының артуы (6 жастан асқан балаларға арналған ойыншықтар: басқару пультімен «Танк», NO.096, G B 6675-2014, балалар машинасы «TOBOT» модель робот және крутой трансформер», NO. 88-7).
Сәйкес келмейтін ойыншықтарды Қытайда белгісіз өндірушілер өндірген.
Таңбалаудың негізгі бұзылуы- бұл мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттың толық болмауы, ойыншықтың атауы, дайындалған күні, дайындаушының атауы мен мекенжайының болмауы
Қауіпсіз ойыншықты қалай таңдауға болады?
Бірінші кезекте сатып алу орнын анықтау қажет. Ойыншықтарды арнайы дүкендерден сатып алған жөн. Ойыншықтардың қаптамасы мен таңбалануына назар аударыңыз.
Таңбалау дұрыс, тексерілетін, анық, жеңіл оқылатын, ойыншықты қарау кезінде қол жетімді болуы тиіс. Барлық ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы тиіс.
Ойыншықтың қаптамасында міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
- ойыншықтың атауы;
- ойыншық дайындалған елдің атауы;
- дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның), импорттаушының атауы және орналасқан жері, олармен байланыс үшін ақпарат;
- дайындаушының тауар белгісі (бар болған жағдайда);
- баланың жасын білдіретін пиктограмма немесе баланың ең аз жасына арналған ойыншықтың белгісі;
- негізгі конструкциялық материал (3 жасқа дейінгі балалар үшін) (қажет болған жағдайда);
- ойыншықты күту тәсілдері (қажет болған жағдайда);
- дайындалған күні (айы, жылы);
- қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (олар анықталған кезде);
- сақтау шарттары (қажет болған жағдайда);
- нарықтағы бірыңғай айналым белгісі (ЕАС белгісі).
Сондай-ақ, ойыншықтың түріне байланысты таңбалауда қосымша мәліметтер: жиынтықтылық (жиынтық үшін), ойыншықты пайдалану ережелері, гигиеналық өңдеу тәсілдері, ойыншықпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары, ескерту жазбалары, құрастыру жөніндегі нұсқаулықтар қамтылады.
Аспалы әткеншектер, сырғанауға арналған төбешіктер, сақиналар, трапециялар, арқандар және басқа да ұқсас ойыншықтарда құрамдас бөліктері көрсетілген монтажға қойылатын талаптар бар пайдалану құжаттары болуы тиіс.
Ойыншық бар тамақ өнімінің қаптамасында «Ойыншықты қамтиды» деген ескерту жазуы болуы тиіс.
Суда ойнауға арналған ойыншықтар «Назар аударыңыз! Таяз суда тек ересектердің бақылауымен ғана пайдаланыңыз!» деген жазумен сүйемелденеді.
Функционалдық ойыншыққа «Назар аударыңыз! Тек ересектердің тікелей бақылауымен ғана пайдалану» деген ескерту жазба жазылады.
Химиялық ойыншықта қауіпті заттар мен реактивтер көрсетілген пайдалану құжаттары, сақтық шаралары туралы нұсқаулар, алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі ақпарат, сондай-ақ «Назар аударыңыз! Тек ересек балалар үшін... жыл! Ересектердің тікелей бақылауымен ғана пайдалануға болады!» (жасын дайындаушы көрсетеді).
Роликті конькилер мен скейтбордтар ойыншықтар ретінде сатылған жағдайда «Назар аударыңыз! Қорғау құралдарын кию ұсынылады!» деген жазумен сүйемелденеді.
Магниттік ойыншықтарды (ойыншықтардың электрлік немесе электрондық бөлшектеріндегі функционалдық магниттері бар ойыншықтарды қоспағанда) таңбалауда: «Назар аударыңыз! Құрамында бекітілмеген магниттер мен магнитті элементтер бар. Тек ересектердің тікелей бақылауымен ғана пайдалануға болады» деген ескерту жазба жазылады.
3 жасқа дейінгі балаларға арналмаған ойыншықтарға жас тобын ескертетін шартты графикалық белгі қойылады.
Құрметті тұтынушылар мен ойыншық өндірушілері! Өнімді таңбалауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз Алматы облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне мына электрондық мекен-жайға хабарласа аласыз: almobldkgsen@dsm.gov.kz
29 мамыр 2020
29 мамыр 2020