Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығына өткізілген мониторингінің қорытындысы туралы

Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығына өткізілген мониторингінің қорытындысы туралы

ШҚО БССҚД басшысы

З. Мақсұтованың

2023 жылғы 2 тамыздағы

брифингтегі сөзі

 

Қайырлы күн!

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары және бұқаралық өкілдері!

           Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық құрылымы болып табылады.

          Бүгінгі кездесуде облысымыздың білім беру ұйымдарының жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығына мониторингінің қорытындысы туралы ақпарат беретін боламын.

          Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 10-24 шілде аралығында облыстың барлық мектептерінің жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді.

          Мониторинг келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

          - күрделі және ағымдағы (косметикалық) жөндеу жұмыстары;

          - турникеттер мен дабыл түймелерінің болуы;

          - спорт залдарының, асхананың және пән кабинеттерінің болуы;

          - Интернет жылдамдығы.

          Шығыс Қазақстан облысында 350 мектеп бар. Оның ішінде ағымдағы жылдың 22 шілдесіндегі жағдай бойынша. 204 мектепте ағымдағы косметикалық жөндеу жұмыстары аяқталған, бұл мектептер жаңа оқу жылының басталуына дайын. Қалған мектептерде ағымдағы және косметикалық (сырлау, әктеу) жөндеу жұмыстары жалғасуда, аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін бітетіні күтүлуде.          Сондай-ақ 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Екі мектептің оқу жылының басына дейін жөндеу жұмыстары аяқталмауына қауіп бар, бір мектеп келесі 2024 жылы жөндеу жұмыстарын аяқтайды деп күтілуде.          Сонымен қатар, мониторинг 167 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін көрсетті. Оның ішінде 73 мектепте жөндеу жұмыстары жоспарланған, қалған мектептерге бүгінгі күні қаржыландыру қарастырылмаған.          Барлық 153 толық жинақталған мектептерде турникеттер орнатылған, олар шағын және арнайы мектептерде орнатылмаған, мұнда оқушылардың санына байланысты нормативтік құжаттарға сәйкес орнату талап етілмейді.          49 мектепте спорт залы, 36 мектепте асхана, 179 мектепте жаңа модификациялы физика кабинеті, 167 мектепте - химия, 181 - биология кабинеті жоқ.          Интернет жылдамдығының әлсіздігі (4 Мб/с төмен) 23 мектепте, орташа жылдамдық (4-10 мб/с) – 186 мектепте, орташа жылдамдықтан жоғары (10-20 мб/с) – 141 мектепте байқалады.          12 мектепте дабыл түймесі жоқ.          Проблемалық мектептер бақылауға алынып, ағымдағы жылдың тамыз айында. қорытынды мониторинг жүргізіледі.

Қорытындылай келе, біздің бүгінгі кездесуіміз – біздің Департамент, қоғам және халық арасындағы сындарлы диалогты дамыту екенін атап өткім келеді.

 

Назарларыңызға рахмет!

Сұрақтар болса жауап беруге дайынмын.