«ҰЛЫТАУ Teachers Group» өңірлік педагогтер чатының 2026 жылдың 1- тоқсаны бойынша жұмысы туралы ақпарат

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан педагогтердің құқықтарын қорғау және өзекті мәселелер бойынша жедел кері байланыс орнату мақсатында «ҰЛЫТАУ Teachers Group» өңірлік педагогтер чатының жұмысы тұрақты түрде қадағаланып отырады.

       Чатта тіркелген қатысушылар саны  қазіргі уақытта 1572.

Чаттың қызметі департаменттің жауапты маманының бақылауында, педагогтер тарапынан келіп түскен сұрақтар жүйелі түрде тіркеліп, бақылауға алынуда.

2026 жылдың 1- тоқсанында 6 сұрақ түсті.

  1. Енді тариф бекітілмей, қаңтарда жылдық демалыс алуға болмайды деген бұйрық кашан шыққан, жылда ала беретінбіз
  2. Жаңаарқа ауданы бойынша ауыл олимпиадасының облыстық марапаттары қашан беріледі?
  3. 7-8 сынып олимпиадасын басқа күнге ауыстыруға болмай ма?
  4. 30 жылдан астам еңбк өтілі бар педагогке директор орынбасары ретінде ОЗП тапсырады ма?
  5. Мұғалімдерге профкомнан жылына бір реттік санаторияға жіберу қарастырылған ба? Кім нақты жауабын бере алады?
  6. Бір мектепке қанша жолдама беріледі?

Аталған сұрақтарға уақытылы жауап берілді. Бірінші сұраққа Ұлытау облысының білім басқармасының бөлім басшысы, жауапты маман Шалғынбаева А.С, екінші сұраққа «Ұлытау дарыны» орталығының директордың орынбасары Смагулова А.К   Жаңаарқа ауданы бойынша олимпиада тасымалдауға байланысты аудан орталығында өткендіктен дипломдар 30 қаңтар күні білім бөліміне жіберіледі» деп жауап берді. Үшінші сұрақ бойынша мәселе туындаған. Сол бойынша 2026 жылдың 16 ақпан күні Наурызбаева Тоғжан Нуридиновнаның ЖТ-2026-00569896 өтініші бойынша  Ұлытау облысының білім басқармасы тарапынан Жезқазған қаласының білім бөліміне қызметтік тексеріс жүргізілді. Комиссия құрамына Департаменттің маманы келісім бойынша қосылды (Жолдыбаева Д.С) Анықталған бұзушылықтар бойынша Ұлытау облысының білім басқармасы тарапынан шара қолданылды. Е- өтініш арқылы азаматшаға жауап берілді, қанағаттандырылды.

Төртінші, бесінші, алтыншы сұрақтарға Ұлытау облысының білім басқармасының бөлім басшысы, жауапты маман Шалғынбаева А.С жауап берді. Сонымен қоса Жаңаарқа білім бөлімінің жауапты маманы М.Жакенов те  қоса жауап берді.

Сондай- ақ, педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес мүшелерінің білім беру ұйымдарының педагогтерімен кездесу кестесі бекітіліп, жұмыстар атқарылды. 19 наурыз күні Жезқазған қаласы білім бөлімінің Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі мен Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық ұжыммен және кеңес мүшелерімен кездесулер ұйымдастырылды. https://www.gov.kz/memleket/entities/control-ulytau/press/events/details/44626?lang=kk

https://www.facebook.com/people/%D0%A1%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D0%BD%D1%8B-%D2%9B%D0%B0%D0%BC%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%B7-%D0%B5%D1%82%D1%83-%D0%B4%D0%B5%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%96-%D2%B0%D0%BB%D1%8B%D1%82%D0%B0%D1%83-%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B/100091511893150/

Кездесу барысында педагогтердің құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Педагогтердің пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

   Сұрақтардың уақытында шешілуі,  қатысушылардың жүйелі кері байланысы департаменттің жауапты маманының қадағалауында.

 

Орынд. Жолдыбаева Д

Дата публикации
31 марта 2026