Меню
Страницы

Жезқазған қаласында педагогикалық ұжымдармен маңызды кездесулер өтті

Жезқазған қаласында педагогикалық ұжымдармен маңызды кездесулер өтті

Бүгін Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жоспарына сәйкес Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі мен Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық ұжыммен және кеңес мүшелерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесу барысында педагогтердің құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Педагогтердің пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Сонымен қатар, педагогикалық әдеп нормаларын сақтауда кемшіліктер орын алған жағдайлар бойынша ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, өзекті мәселелер талқыланды.
Аталған кездесулер ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға, педагогтердің кәсіби мәдениетін арттыруға және педагогикалық әдеп нормаларын нығайтуға бағытталды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты